RU

Отандық танымал әнші әке атанды (фото)

Отандық танымал әнші Серік Ибрагимов әке атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандық төлқұжат Орта Азияда ең мықты деп танылды

"Ассалаумағалейкум, ағайын! "Қуанышты бөліссең көбейеді" деген сөз бар ғой! Бүгін сондай қуанышты, керемет күн! Қуанышымыз көп болғай! Алла Ұлық! Аллаға сансыз мадақтар! Аллаға шүкір! Алламыз бізге перзент сыйлап, біздің дәрежемізді көтеріп, ата-ана болу бақытын бұйыртты! Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Біздердің ата-аналарымызға мың алғыс! Жұбайыма Айнамкөзге үлкен раxмет! Алла осы жақсылықты ұзағынан сүйіндіргей!", - деп жазған ол Instagram парақшасында.

Еске салсақ, Серік пен Айнамкөз 2016 жылы шаңырақ көтерген.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1556178-otandyq-tanymal-anshi-ake-atandy.html