RU

Ыстықкөлдегі демалыс алматылық бойжеткен үшін қайғылы жағдаймен аяқталды

Алматылық бойжеткен Ыстықкөл демалыс аймағына барған жігіті екеуінің басынан өткен қорқынышты оқиға туралы NUR.KZ редакциясына айтты.

Алина мен жігіті қалталары көтеретін демалыс орнын іздеп, таңдаулары қырғыз көліне түскен.

Ертесі күні оларға Алматыдан келген жас жұп кездесіп, екеуден-екеу болып жүрудің аса қауіпті екенін ескерткен.

Осыдан кейін жастар араласып, дос болып кетеді. Кейіннен Алина мен жігіті өз бөлмелеріне оралады.

"Дәл осы кез өмірімдегі ең қорқынышты сәт болды. Мен неге екенін таңғы сағат бесте оянып алдым, әдетте қатты ұйықтайтын едім. Көзімді ашқанда жанымда ұйықтап жатқан жігітіммен, қап-қара киініп алып, бірдеңе қарап жатқан адамды көрдім.

Бес секундтай мен біздің нөмірде не болып жатқанын, жас жігіттің қайдан келгенін түсіне алмадым.  Оның беті қап-қара, қорқынышты болды. Көздері кішкентай, денесі арық және бойы аласа.  Мен қатты қорқып, мұнда не істеп жүрсің деп айқайлай бастадым.

Тағы оқыңыздар: Astana Arlans үшінші рет WSB чемпионы болды (фото)

Менің даусым өзгеріп кетті. Ол болса түк болмағандай жігітімнің үстелдің үстінде жатқан әмиянын алды"- дейді Алина.

Қыз әмиянды тартып алмақ болғанымен, қолынан ештеңе келмеген. Жігіті болса қатты ұйықтап жатқан, Алина оны оятқанда қарақшы есікті кілтпен ашып, қашып кеткен.

Жастар қызметшілерге барғанда, олар милиция шақыруға асықпаған.

Милиция шақыра алмаған екеуі бөлмелеріне қайта оралғанда, ішінде құжаты бар әмияндары еденде жатқанын көреді. Бір өкініштісі, ішіндегі ақшаны алып қойған.

Кейіннен олар танысқан алматылық жұпты да солай тонап кеткендері белгілі болған. Олар есіктерінің кілттеулі болғанын айтқан.

"Жарты сағаттан кейін төртеуіміз тірі тұрғанда елге қайтуға асықтық. Біз олардың қайта оралатынына сенімді болдық. Оның үстіне пансионатта бірде-бір күзетші де, бейнебақылау камерасы да жоқ. Ал жаңағы "ақылды" ұрыларда бөлмелердің кілті бар.

Тағы оқыңыздар: Astana Arlans үшінші рет WSB чемпионы болды (фото)

Тамақ ішіп болған соң, біз екі рет такси шақырдық. Біріншісі құжатсыз екен, әрі түрлі нөмірден хабарласты. Екіншісінің құжатын суретке түсіріп, қауіпсіздік үшін таныстарымызға жібердік. Жүргізушіден кеден есігіне дейін әкелуді өтіндік.

Қордайда болғанда ғана, бірақ тынышталдым.  Әлі күнге дейін көзімді жұмсам, бөлмеде менен басқа біреу бар сияқты көрінеді. Мен ұрлықшының сабырлығы мен арсыздығына таңғалдым.

Мен мұны адамдарға ескерту жасау үшін жазып жатырмын. Енді ешқашан Ыстықкөлге бармаспын", - дейді Алина.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1556196-ystyqkoldegi-demalys-almatylyq-boyzh.html