RU

Павлодарда жоғалған 13 жастағы қыз табылды

Павлодарда жоғалып кеткен 13 жастағы қыз табылып, ата-анасының жанына оралды деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ақпарат бойынша, 12-ші шілде күні түнде Павлодар облысы ІІБ полициясына кәмелеттік жасқа толмаған қыздың жоғалып кеткені туралы шағым түскен. Олар қыздарының өздерімен сөзге келіп, үйден кетіп қалғанын айтқан.  Қыз телефонын сөндіріп тастаған.

Қызды іздестіруге облыстың ішкі істер ұйымының жеке құрамы жұмылдырылған.

Полицейлер жасөспірім қыздың өзінен 10 жас үлкен жігітпен араласып жүргенін анықтайды. Ата-анасы бұған түбегейлі қарсы болып, оның араласуға тыйым салған.  Жедел іздестіру тобы қыздың ұялы телефонына арнайы құрал арқылы байланыс орнатады.

Жасөспірім қыз "ВКонтакте" желісіне шығып отырған. Оған жазылған ақпараттың барлығы бірден тексерілген.

Тағы оқыңыздар: Ауғанстандық қыз ұсқынсыз түрімен желідегілерді шошытты

Ерікті Асхат Қосдәулетов әлеуметтік  желі арқылы қыздың танысының парақшасын анықтап, іздестіріліп жатқан қызды үйіне қайтаруға қолұшын созуға көндіреді.

Белгіленген орында жасөспірім қыз еріктілер және полицейлермен кездесті.  Ол өзінің бұл әрекетінен өкінетінін жеткізген.

 

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1556325-pavlodarda-zhoghalghan-13-zhastaghy-qyz-taby.html