RU

Жамбыл облысында той кортежі жол апатына түсті (видео)

Жамбыл облысының Сыпатай батыр ауылы маңындағы тасжолда бірнеше көлік соқтығысты, әйел мен бала ажал құшты деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.

"14 шілде күні сағат 16:12-де Меркі ауданының жедел жәрдем қызметіне Сыпатай батыр ауылы маңындағы автожолда бірнеше автокөліктің соқтығысқандығы жөнінде ақпарат түсті", - деп мәлім етті ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері анықтағандай, "Mercedes-Benz" көлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші бірінен соң бірі үш көлікті соққан, олардың бірі жол-патрульдік полициясы батальонының қызметтік машинасы болып табылады.

Жол апаты салдарынан 1962 жылы туған әйел мен 2015 жылы дүниеге келген қыз бала оқиға орнында мерт болды. Үш жолаушы мен "Mercedes-Benz"-тің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. ІІД-нің ақпаратына сәйкес, аталмыш факті ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Бірыңғай соталды тергеу тізіліміне тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1556426-zhambyl-oblysynda-toy-kortezhi-zhol-apat.html