RU

Шанхайда ерлерді сақтау қоймасы ашылды

Шанхай қаласындағы сауда орталықтарында дүкен аралағысы келмейтін күйеуін уақытша сақтауға қоятын қойма ашылды. Әрбір еркек үшін компьютер қойылған үйшік қарастырылған деп хабарлайды Islam.kz сайтына сілтеме NUR.KZ.

Әйелімен дүкен аралағысы келмейтін ер-азаматтар осы үйшіктегі компьютер алдында отырып, уақыт өткізе алады. Айта кетейік, алғашқы айда бұл қызмет түрі тегін көрсетіледі. Қытайдың The Paper мерзімді басылымының тілшісі осынау сервисті байқап көрген ер-азаматтармен сөйлесіп көрген екен.

Дүкен аралығыс келмейтін "күйеулер" мұндай сервисті қолдап отыр. Десе де олар желдеткіш орнатылса деген өтініштерін де айта кеті.

Тағы оқыңыздар: Із-түссіз жоғалып кеткен ЭКСПО нысаны күзетінің басшысы өлі күйінде табылды

Еске салсақ,осыдан біраз жыл бұрын қытайдың осы заманғы сауда орындарында әйелі бес сағат бойы дүкен аралағанына ашуланған ер адамның өзін төменгі қабатқа лақтырып жіберіп, қаза тапқан.

2016 жылы РФ-дағы Новосібір қаласында ересектерге арналған балалар бақшасы ашылған болатын. Бұл бала бақшаға келгендер пласталиннен ойыншықтар жасап, балалық шағын еске түсіріп қайтады. Бұл бала бақшаға 28 бен 40 жас аралығындағы әйелдер және 23 пен 30 жас аралығындағы ерлер қызығушылық танытқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1556446-shankhayda-erlerdi-saqtau-qoymasy-ashyl.html