RU

Өрттен көз жұмған Назарбаев университетінің профессоры туралы не білеміз?

Астанадағы үйлердің бірінен шыққан өртте көз жұмған Назарбаев Университетінің  профессоры Нигерияда туылған, әлемді обыр дертінен құтқарғысы келген төрт баланың әкесі деп хабарлайды NUR.KZ.

Профессор Элайджа Оладунни Кехинде 63 жаста болған, ол Нигерия азаматы, үйленген, төрт баласы бар.

Астанадағы Хайвилл ТК болған өртте оның әйелі- Фунми, сегіз жастағы қызы Грейс пен  18 жастағы Моджоин көз жұмды.

Элайджа британдық уролог дипломын иеленген, ғылыми іспен айналысқан урология хиругиясының профессоры.

Тағы оқыңыздар: Жамбыл облысында той кортежі жол апатына түсті (видео)

"Алдағы 6-8 жыл мен басқалармен бірігіп әлемдік кластағы медициналық мектеп ашып, обырмен күрес орталығы және беделді педагогикалық емхана ашуды армандаймын",-деп жазған ол анкетасында.

2016 жыл ол қазақстандықтарға да бұл ауыр дертпен күресуге көмектесіп, онкология және трансплантология Ұлттық ғылыми орталығында кеңесші болып қызмет атқарды.

Ол адамдарға қолұшын созуға бар өмірін арнаған. 40 жылға жуық әлемнің түрлі еліндегі ауруларға кеңес беріп, Нигерия, Ұлыбритания, Оман мен Кувейт емханаларында жұмыс істеген.

Назарбаев Университетінде Элайджа 2016 жылдан бері жұмыс істеуде. Ол Медициналық факультетте хирург студенттерді тәрбиелеген. Көптеген ғылыми кітаптардың авторы,  ғылыми-зерттеу гранттарының иегері.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1556453-ortten-koz-zhumghan-nazarbaev-universi.html