Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қызы орыс ұлтына келін болудың қыр-сырымен бөлісті

Опубликовано:

Жанұя мен өз ісін бірге алып жүрген Әсел Төлегенова тағдырдың жазуымен, орыс азаматына тұрмысқа шығып, бүгінде теріскейдегі көршілеріміздің ибалы келіні атанып отыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жолдасы Сашаның ұлты орыс болғанымен, ол бешбармақты сүйсіне жеп, қазақы дәстүрді берік ұстанатын көрінеді. Орыс ұлтына келін болудың сырларымен бөліскен Әсел Төлегенова nur.kz порталына арнайы сұхбат беріп, отбасы мен бизнесті бірге алып жүрудің құпиясын ашып берді.

- Әсел, сәлеметсіз бе, қал-жағдайыңыз қалай? Сұхбатымызды бастамастан бұрын, оқырмандарға өзіңізді таныстырып өтсеңіз...

- Өзім туралы қысқаша айтар болсам, мен «бұрынғы» газет тілшісі, қазіргі фотограф әрі түрлі қызықты тақырыптарға қалам тербеп жүрген блогермін. Сонымен бірге, балаларға арналған алғашқы фотостудияның негізін қалаушы кәсіпкермін.

- Білуімізше, жолдасыңыздың ұлты орыс қой?

- Иә, ұлтым қазақ, жолдасым орыс ұлтынан болса да, көп қазаққа бергісіз тамаша жан.

- Осы орайда, орыс ұлтына келін болудың құпияларымен бөлісе кетсеңіз... Мәселен, борщты керемет әзірлейтін шығарсыз?

- Иә, борщты өте дәмді даярлаймын. Бірақ оның рецепті мен борщты дәмді етіп дайындаудың құпияларын маған анам үйреткен еді. Сол сияқты анамнан палау, фунчоза, чахохбили, түрлі бәліштер мен ет тағамдары сияқты алуан түрлі тағамдарды әзірлеуді үйрендім.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде өгей қыздарына массаж жасаған сақалды жігіт ұятқа қалды

Бір қызығы, бешбармақ – жолдасымның сүйікті тағамдарының бірі. Кей кездері Сашамен бірге туыстарымның үйіне қонаққа барғанда, оның бешбармақты сүйсіне жеп отырғанын көріп, Саша маған «ет, сорпа» үшін үйленді ме деп қаламын.

Әрине, мұның бәрі қалжың. Бастысы, бір-бірімізді түсініп, сыйлап тұрамыз, отбасы үшін одан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын.

- Орыс ұлтының азаматымен отбасын құру туралы шешіміңізді жақындарыңыз қалай қабылдады? Ата-анаңыз қарсы болған жоқ па?

- Ол кезде қатты қобалжып, Сашамен достасып жүрген кезімізді көпке дейін жасырып келдім. Тіпті, телефонымда оның есімін «Ержан» деп те сақтап қойған кездерім болды. Достығымыз махаббатқа ұласқан сәтте, бірде анамнан аралас некеге деген көзқарасын сұрап білдім.

Анам өте ақылды адам, маған «махабатта ұлт жоқ» деп жауап берді. Жолдасым, сондай-ақ, менен 12 жас үлкен. Тағы бірде анамнан: «Жігітім менен бірнеше жас үлкен болса қалай қарайтын едіңіз?», - деп сұрадым. Бұл тұста да анам өзінің көрегенділігін тағы бір мәрте таныта білді.

Анам маған «адамдар бір-бірін шын сүйгенде оларға ештеңе кедергі бола алмайды, тіпті, жас ерекшелігі де» деп жауап берді. Анашымның осы жауабынан кейін, отбасыма сүйіктімді таныстыру туралы шешімге келдім. Жолдасым адамгершілігі мол, сабырлы жан. Аллаға шүкір, отбасым оны жылы қабылдап, күні бүгінге дейін сыйлап, құрметтеп келеді.

- Енеңізбен қандай қарым-қатынастасыз?

- Сашаның ата-анасының, әу бастан-ақ, біздің салт-дәстүрімізге деген құрметі ерекше болды. Енем, тіпті менен құда түспестен бұрын «туыстарыма киіт қажет пе» деп сұрап, құдалыққа қатысты басқа да ырым-жоралғылар туралы білген еді.

Десе де, мен оларды әуреге салғым келмегендіктен, тойға қатысты барлық салттардан бас тарттым. Бірақ құдалық толығымен қазақы дәстүр бойынша өтті. Енем маған сырға салып, аналарымыз бір-біріне алтын тақты.

Тағы оқыңыздар: Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдақұловтың ажырасып кеткені рас па?

Тойда «беташар» өткізіліп, кейін бізге «каравай» (авт. орыс ұлтының күлтеше наны) ұсынылды. Бүгінде енеміз екеуміздің қарым-қатынасымыз, көз тимесін, өте тамаша. Мен оны бірінші күннен бастап-ақ, «мама» деп атап, анамызға барынша көп көңіл бөлуге тырыстым.

Осылайша, біз алғаш күннен бастап-ақ, тығыз, жылы қарым-қатынас орната білдік. Енді міне, 12 жылдан кейін, енем екеуміз бір-бірімізге жанымыз жақын адамға айналдық десем артық айтпаспын.

- Әлеуметтік желідегі бір жазбаңызда Сіз тұңғыштарыңыздың сыртқы келбеті өзгеше деп жазған едіңіз. Балаңыздың кескін-келбетінің осындай ерекше болуының себебі не деп ойлайсыз?

- Бәлкім, аралас некеден болар? Иә, біздің тұңғышымыз Илья өте ерекше бала. Тағы бір айтқым келгені, жолдасымның қанында – орыстар, украиналықтар, еврейлер, поляктар, тіпті, сығандарда да бар. Содан болар, Илья әр ұлттың өзіне тән қасиеттерін бір бойына жинай білді.

Ильяға қарап, біреулер кейде оны араб десе, енді біреулер еврей, кейбіреулер, тіпті африкалық азамат деп жатады. Оның құлақтары мен шаштарының бұйралылығы әкесіне, танадай көздері үлкен әжесіне тартқан, ал күлгенде менен айнымай қалады.

Баламның осындай ерекше түр-келбеті мен мінезіндегі ерекшеліктерін көрген дәрігерлер, кезінде оған түрлі диагноздарды қойып, синдромдарды жазып берген еді. Генетиктер де оның түр-келбетіндегі ерекшеліктерді әбден зерттеген-ді. Сол уақытта менің жаным қатты қамығып, күндіз-түні жылаумен болатын едім.

Себебі, бауыр етің балаңа оның өзгелер сияқты емес, өзгеше екенін айтқанда, әрине кез келген ана қиналатын еді. Бірақ, мен оған қарап, бәрінен өзгеше болу – бұл тағдырдың оған берген сыйы деген ойға келдім. Жалпы тұңғышымның болашағы жарқын болатынына сенімдімін. Себебі, ол өте ашық, ақкөңіл, елгезек бала.

- Сондай-ақ, Сіз бүгінде өз бизнесіңізді дөңгелетіп отырған іскер бизнес ханымсыз. Бәріне бірдей қалай үлгересіз? Жалпы, суретке түсіру сіздің хоббиіңіз бе әлде бала кезден келе жатқан арманыңыз ба?

- Мен ешқашан фотограф боламын деп ойламаған едім. Негізгі мамандығым – журналист, журналистика факультетін де тәмамдағанмын, газетте тілші болып істегенмін. Журфакты бітіріп, тұрмыс құрған соң, экономист мамандығы бойынша екінші дипломымды алдым.

Іскерлік қабылетім әкемнен дарыған деп санаймын. Осылайша, жолдасымның қолдауымен, 2007 жылы алғаш рет балаларға арналған фотостудия аштым. Әрине, бәріне бірдей үлгере аламын деп айта алмаймын. Мәселен, әлемнің «Үздік 100 фотографы» сапынан көрінудің орнына, бүгінде мен асханада таңғы ас даярлап, ұлдарымның киімдерін үтіктеумен жүрмін.

Тағы оқыңыздар: Алматылық  бойжеткен аяғы ауыр екенін көңілдесінің қымбат көлігіне жазып кетті

Десе де, барлығы үшін жақындарыма деген алғысым шексіз. Жолдасым маған үнемі кеңес беріп, қаржылық тұрғыдан қолдау көрсетсе, анам балаларымды бағуға көмектеседі, ал ұлдарым менің армандарымның орындалуына дем беріп, алға жетелейді деп санаймын.

- Әр отбасының өзінің қалыптасқан дәстүрі бар. Сіздің жанұяңызда қандай дәстүр сақталған?

- Осы ретте, тағы да интернационалды отбасы және орыс ұлтына келін болу тақырыбына қайта оралғым келіп отыр. Мен әкенің сөзін екі етпейтін, қарапайым қазақ отбасында дүниеге келгенмін. Осы дәстүр өз отбасымда да сақталған десем артық айтқаным емес.

Сырт көзге қанша жерден іскер, шапшаң, пысық болып көрінгеніммен, біздің отбасымызда бірінші орында Саша тұрады. Жолдасымның айтқан сөзі мен үшін – заң. Сашаның тәрбиесі де қазақы, мәселен ол маған ашық-шашық киінуге, қатты боянған түрмен құрбыларыммен 22:00-ден кейін қыдыруға рұқсат етпейді.

Ол барда мен өз орнымды біліп, оның айтқанын екі етпей орындауға тырысамын. Үйленбестен бұрын, Саша маған, отбасында еуропадағыдай тең құқықты болу деген сияқты ұғымның атымен болмайтынын айтқан еді. Жанұяны өзі басқаратынын ескерткен-ді.

Бәлкім, Саша Жамбыл облысының тумасы болғандықтан болар, осындай қағидаларды қатты ұстанады және жолдасыма анда-санда «менің южаным» деп қалжыңдап қоямын.

- Әңгімеңізге рахмет!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1556651-qazaq-qyzy-orys-ultyna-kelin-boludynh-q/

pixel