RU

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы ауыр халде жатыр

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Вячеслав Эрбес ауыр халде ауруханада жатыр.

Бұл туралы еліміздің спорт журналисі Айдын Қожахмет хабарлады деп жазады prosportskz.kz.

«Вячеслав Эрбес жол апатына түсті. Ертең омыртқасына ота жасайды. Жағдайы ауыр дейді», – деп жазды Айдын өзінің «твиттердегі» парақшасында.

Тағы оқыңыздар: Альварестің GGG-ге қарсы дайындығына қазақстандық боксшы көмектеседі

Естеріңізге сала кетсек, Вячеслав Эрбес Қазақстан құрамасы сапында жеті ойын өткізген. Көп жылдары бойы өскемендік «Востоктың» намысын қорғаған. Соңғы клубы – «Мақтарал» болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1556699-qazaqstan-quramasynynh-burynghy-oyynsh.html