RU

21 мысықты аяусыз өлтірген азамат сотталып кетті

Бірнеше рет мысық өлтірген АҚШ азаматы он алты жылға сотталды деп хабарлайды РИА Новости сайтына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Калифорния тұрғыны Роберт Рой автокөлікте ұйықтап жатқан жерінде ұсталған. Тінту барысында көлігінен мысықтың денесі, пышақ, қан-қан қолғап пен жүн қалдықтары табылған.

Тағы оқыңыздар: Қызының тойын 2 млн долларға өткізген сот қызметкері жұрттың ашуын келтірді

"Калифорния аудандарының бірінен 2015 жылдан бастап мысықтар жоғала бастаған, кейіннен олар өлі күйінде табылыпты", — деп хабарлайды басылым.

Сот анықтағандай, Роберт Рой жиырма бір мысықты өлтірген, ол он алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1556712-er-adam-mysyq-oltirgeni-ushin-16-zhylgha.html