RU

Саудагер анасын күтіп, базарда ұйықтап қалған бүлдіршінге жұрт аянышпен қарады (фото)

Қырғызстанның әлеуметтік желілерінде киім салатын сөмкенің үстінде ұйықтап жатқан кішентай бүлдіршіннің суреті қызу талқылануда. Анықталғандай, сурет Бішкектегі "Аламедин" базарында түсірілген деп хабарлайды zanoza.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тағы оқыңыздар: Қызының тойын 2 млн долларға өткізген сот қызметкері жұрттың ашуын келтірді (видео)

"Аламедин" базары, түнгі сағат он. Жанармай бекеті маңындағы базарда сауда қызып тұр. Бірақ таңғалдырғаны бұл емес, тауар ортасында ұйықтап жатқан бүлдіршін. Сырттай қарасаңыз, қыздың жасы 5-6 шамасында. Мұндай уақытта ол көшеде емес, жылы көрепеде ұйықтап жатуы керек емес пе?! Мынандай жағдайда ол күні бойы дұрыс тамақ ішпеген де болар? Менің алып-қосарым жоқ, тамағымда өксік тұрып қалды. Балақай, үлкендерді осындай балалығың үшін кешір", - деп жазған Мунара Боромбаева парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1556746-saudager-anasyn-kutip-bazarda-uyyqta.html