RU

Жаңа стильге көшкен Головкинді жанкүйерлері танымай қалды (фото)

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Сауль "Канело" Альвареспен өтетін жекпе-жекке арналған жарнама ролигіне түсті деп хабарлайды 24 Хабар арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Головкин – "Канело жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Аталмыш жекпе-жектің жарнама ролигіне Головкин 1930 жылдардың стилімен киініп түсті.

Тағы оқыңыздар: Төреғали өзі өкпелеткен Ерке Есмаханнан халық алдында кешірім сұрады (видео)

"Олар ойлағанын іске асырды", – деп жазды журналист Twitter желісіндегі парақшасында, алайда роликтің қашан шығатынын айтқан жоқ. Түсірілген суреттерден Головкиннің көрермен алдына жаңа стильде, яғни ретро-образдағы "гангстер" немесе "көше баласы" шығады. Головкин – "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1556848-zhanha-stilge-koshken-golovkindi-zhanku.html