RU

Малайзиялық турист алматылық таксистке жол ақысы үшін 500 доллар берген

Алматылық Мұрат есімді такси жүргізушісі NUR.KZ тілшісіне тапа-тал түсте қалай байып қалғанын айтып берді. Оқиға 2015 жылы көктемінде орын алған.

- Мен таксист емеспін, дүкенде сатушы болып тұрақты жұмыс жасаймын. Арасында таксилетіп, бензинге ақша тауып тұрамын. Көктем кезі еді. Мамыр айының ортасында Алматыда қатты жаңбыр жауды. Арбат жақтан қалаға қарай көтеріліп бара жатсам, бойы кішкентай қыз бен бір еркек қол көтеріп тұр.

Ешкім тоқтамаған соң, жаңбырда қалмасын деген оймен қайда баратынын сұрай салдым. Олар:  «Холидей» қонақ үйі, 500», - деп алақанын жайып көрсетті. Мен оған «700» деп саудаласып едім, жоқ «500» деп қоймады.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің белді басшылары қомақты парамен ұсталды (видео)

Бос кеткенше ала кетейін деп әлгі азаматтарды салып алып, қонақ үйге апарып едім, есіктен түсіп бара жатып қолыма 500 АҚШ долларын ұстатты. Мен оларға көп деп түсіндіруге тіл білмедім, олар қолдарын кеуделеріне қойып, «Малайзия, Малайзия, рахмет» деп ағылшынша айтып түсіп кетті. Осылайша бір байып қалдым,- дейді жас жігіт.

Мұрат өзін суретке түсіруге және аты-жөнін толық жариялауға қарсы болды. Себебі, ол бұл ісінің заң бұзушылық екенін түсініп, полицияның назарына іліккісі келмейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1556857-malayziyalyq-turist-almatylyq-taksis.html