RU

Ақбота мен Дәуреннің ажырасуына қатысты шындық белгілі болды

Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұловтың ажырасып кеткені туралы ақпарат жалған болып шықты.  Бұл туралы әншінің PR менеджері мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Әншінің PR менеджері Даянаның айтуынша, бұл қауесетті желі қолданушылары өздері ойдан шығарып алған.

"Шын мәнінде оқиға былай өрбіді. Ақбота Instagram-да тікелей эфирге шыққанда оған желідегілер сұрақ қоя бастады. Олардың бірі Ақботадан Дәурен туралы сұрады. Сонда әнші оған: "Дәурен қазір үйде емес, ол балаларымен қыдырып жүр", - деді. Содан кейін оқырмандар пікір жазып, олар ажырасып кетіпті дегенді шығарып алды", - дейді Даяна.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің белді басшылары қомақты парамен ұсталды (видео)

Ол әншінің Дәурен Айдарқұловпен қазіргі кездегі қарым-қатынасы туралы айтып берді.

"Дәурен мен Ақботаның қарым-қатынасы жақсы, екеуі бір шаңырақ астында тұрады, Дәурен өз балаларымен жиі кездеседі", - дейді Ақбота Сейітмағамбеттің PR менеджері.

Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп-басуға болмайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1557145-aqbota-men-daurenninh-azhyrasuyna-qaty.html