RU

Атышулы бизнесменді сотқа беріп жатқан Төлешовтің ең танымал тоқалы жайлы не білеміз? (фото)

Атышулы шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешовті сотқа беріп жатқан кенже тоқалы Дина Нұрәлиева жайлы кейбір тың деректерді NUR.KZ порталы назарыңызға ұсынады.

Төрт әйелінің ішінде ең танымалы болып табылатын Дина Нұрәлиева бизнесменге 2016 жылдың 28 қазан күні шекесі торсықтай ұл сыйлаған. Ол бұл жолы шетелдің қымбат медицина мекемесін емес, Шымкенттегі қарапайым перзентхананы таңдаған.

Айта кетейік, Нұрәлиева ханым бұған дейін бір қызды дүниеге алып келген.

Дина Нұрәлиева «Қазақстан аруы-2005» титулының иегері. Ал 2009 жылы «Әлем аруы» байқауында финалға шығып, 120 арудың ішінен оныншы орынға ие болды. Бойжеткен бүгінде дизайнерлік қырынан да танылып жүр. Бойы - 175 см, дене бітімі - 85-60-89.

Today.kz-тің жазуынша, Дина - "Шымкент аруы" байқауын ұйымдастыратын сән агенттігінің директоры.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың 30 қаңтары күні арнайы операция барысында «сыра королі» Төлешов құрықталған. Тергеу бірнеше айға жалғасып, «Төлешов ісіне» 2016 жылдың қараша айында нүкте қойылды.

Оған мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген айып тағылып, 21 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тергеу барысында Тоқтар Төлешовтің төрт әйелі бар екені және олардың барлығы «Шымкент сыра» зауытынан жұмысқа келмесе де ай сайын 2 млн теңгеден астам жалақы алып келгені белгілі болды. Сондай-ақ, Төлешов 13 ұл-қыздың әкесі болып шықты.

Мемлекеттік төңкеріліс жасауға әрекеттену, азаптау, кісі өлтіру және өзге де қылмыс жасағаны үшін сотталған Тоқтар Төлешов тағы да заң алдында жауап беріп жатыр. Otyrar.kz сайтының мәліметінше, оған қаржы және экономикалық құқық бұзушылықтар, атап айтқанда, салықтан жалтару, бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін бұзу, ірі көлемде пара беру баптары бойын айып тағылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1557342-atyshuly-biznesmendi-sotqa-berip-zhatq.html