RU

Сапарбаев ағайынды жетімдерге көмектесу үшін прокурорлардан қорқып отыр

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ағайынды жетім балаларға көмектесетінін айтты. Тек әкім оның заңды түрде жолдарын іздеп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қазақ ешқашан жетімін жылатпаған. Ол балалар менде болды, біз сөйлестік. Заңды тұрғыдан алғанда үйді бере салуға болмайды. Адами тұрғыдан қарағанда жағдайына бей-жай қарауға болмайды. Балаларға үй беру жағын қарастырып жатырмыз. Заңды түрде жолдарын іздейміз. Қазір қалалық əкімдіктің ұйымдастыруымен пəтер жалдауға көмектесілді. Егер оларға заңсыз үй берілсе қала əкімін тексереді. Болмаса прокурорлар мені тексереді", - деді облыс əкімі Бердібек Сапарбаев.

Естеріңізде болса, Ақтөбеде анасы қайтыс болып, əкелері басқа əйелге кетіп қалған ағайынды төрт жетім бала редакциямызға хат жазып, қиын тағдырларын айтып, елді жылатқан болатын.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Тоқтар Төлешовті тоқалдары сотқа берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1557345-saparbaev-aghayyndy-zhetimderge-komek.html