RU

Баян Есентаева өзінің шылым шегетінін жасырмай айтты

Атышулы Баян Мақсатқызы кәсіпкер Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында шылым шегетінін және тұңғыш қызы Айсәуленің өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қарсы емес екенін ашық айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Сіз шылым шегесіз бе деген блогердің сұрағына продюсер үнсіз ғана күлді.

"Мен үнсіз қалсам, демек келіскенім. Бізде зиян әдеттер туралы айтуға болмайды ғой. Секс туралы, шылым жайлы, жалпы зиянды әдеттер жайлы айтуға тыйым салынған. Бізде бәрі ұят, ұят және ұят. Біздің халқымыз мінсіз", - дейді Баян.

Ал желідегі өзіне қатысты түрлі пікірлерді Мақсатқызы көп көңілге ала бермей, жеңіл қарауға тырысамын деді.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Тоқтар Төлешовті тоқалдары сотқа берді

"Жалпы, мен көп нәрсеге жеңіл қарауға тырысамын. Менің орнымда басқа бір мінезі бар әйел болса 11-ші қабаттан секіретін бе еді немесе у ішіп өлер ме еді", - деген ол.

Қоғамдағы түрлі мәселелер турасында ашық сұхбат жүргізген Баян блогердің қызыңыз қытайлыққа тұрмысқа шықса қалай қарайсыз деген сұрағына қарсы еместігін жеткізді.

"Егер менің қызым қытайлықты немесе немісті, французды, қазақты сүйіп қалса, мен тек махаббатты қолдаймын", - деді продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1557357-bayan-esentaeva-ozininh-shylym-shegetini.html