Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Асыл арна" миллиондаған қаралым жинаған сериалдың жалғасын түсіреді (фото)

Опубликовано:

"Асыл арна" телеарнасының төл өнімі, арна басшысы Мұхамеджан Тазабектің идеясымен жүзеге асқан "Үлкен үй" телехикаясының үшінші маусымы түсірілмек, деп хабарлайды NUR.KZ.

Атап айту керек, эфирден көрсетіле салысымен-ақ үлкен сұранысқа ие болған "Үлкен үй" телехикаясының бірінші және екінші маусымы ел көңілінен ерекше орын алып, келесі бөлімдерінің шығуына себеп болып отыр.

Сериал сценарийінің авторы - Мұрат Есжан. Ал телехикаяның қоюшы режиссері - Мақсат Оспанов.

Оспанов осы уақытқа дейін  "Ауылға бір қыз келді", "Махаббат сайы", "30-дан асып барамын", "Мент", "Бізді күтер бір бақыт" атты комедиялық туындылары мен "Өкініш" фильмін және "Алтын ұя", "Үлкен үй 1", "Үлкен үй 2"  телехикаяларын түсірген болатын.

Телехикаяның атқарушы продюсері Қадыржан Құлмановтың ұйымдастыруымен шығармашылық топ мүшелері актерлармен және сырттан жалданатын кәсіби мамандармен кездесіп, келісу жұмыстарын бастап та кеткен. Қоюшы оператор - отандық көптеген телехикаялар мен фильмдерді таспалап келген Еркін Сәтенов болып бекітілді.

"Асыл арна" телеарнасының Бас продюсері - Ерлан Әбдірұлының айтуынша, түсірілім 1 тамыз - 1 қыркүйек аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының көрікті жерлерінде түсірілмек.

Алдыңғы екі маусымдағыдай бұл жолы да елге мəлім киноактерлар, əзілдің үздік əртістері және сахна майталмандары шақырылмақ.

"Шаншар" әзіл-сықақ театрының актерлары Уəлибек Əбдірайымов, Жүсіп Ақшора, Нұржан Құлшынбаев, Даурен Абиев, "Алдараспан" театрының актерлары Нұржан Төлендиев, Шәкен Амантұров, Нартай Сүлейменов, Ақерке Арыс, Нұржан Ізтаев, "Нысана" театрының актерлары Абай Аязбаев, Нұрбол Айтулов, Жарас Ахметов, "Шымкент шоу" театрының актерлары Дәурен Жұмаділ, Ержан Тілеков, Берік Тұрсынбек, Қарлығаш Ахметова, Нұрболат Әбілдаев, сонымен қатар М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық театрының актрисасы Шынар Жанысбекова және Жұлдызай Дүйсенбиева сынды үздік əртістер де "Үлкен үйдің" ішінен табылмақ.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Үлкен үй" сериалы ғаламторда алты миллионға жуық қаралым жинаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1557412-asyl-arna-telearnasy-tanymal-telekhik/

pixel