RU

Қостанайлық жігіт телефон арқылы қызбен сөйлескені үшін сот алдына келді

Қостанай облысы Қарабалық ауданында қызық жағдай орын алды. 21 жастағы жігіт көршісінің үй телефоны арқылы қызбен сөйлесіп, 63 мың теңге көлемінде қарызға кіріп кетті деп хабарлайды kstnews.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Бұл қарызды өз қалтасынан өтеген досының анасы жігітті сотқа берді. Ол аталған қаражатты қайтару туралы шағым түсірген.

Тағы оқыңыздар: Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен қыздың туыстары ел тұрғындарына үндеу жолдады (фото)

21 жастағы жігіт көрші тұратын досының ата-анасы үйінде болмаған кезде телефонын пайдаланыпты. Ол әлеуметтік желіде танысқан Римма есімді бойжеткенмен сөйлескен.

Жас жігіттің сөзінше, бойжеткен Қарабалыққа келген. Ол жергілікті телефон нөмірін тергенін алға тартады. Алайда ол өзі терген нөмірді ұмытып үлгеріпті.

Ал "Қазақтелеком" АҚ хабарлауынша, ол ресейлік опреатордың нөміріне хабарласқан. Ол аталған нөмірге 9 наурыздан 11 наурыз аралығында 9 рет қоңырау шалыпты. Сөйлесудің жалпы құны 62800 теңгені құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1557473-qostanaylyq-zhigit-telefon-arqyly-qyz.html