RU

Сапарбаев Ақтөбенің ұйықтап жүретін әкімі туралы сұраққа жауап берген жоқ

Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев бүгін БАҚ өкілдерінің алдында жарты жылдықты қорытындылады деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

Облыс əкімі халықтың əлеуметтік жағдайының салыстырмалы түрде төмендетпей тұрғанына тоқталып, жыл ішінде жасалған жұмыстарды айтты.

- Халықтың əлеуметтік жағдайы өткен жылмен салыстырғанда төмендеген жоқ. Мемлекет басшысының тапсырмасы толығымен орындалды. Біз үшін үлкен көрсеткіш-өндіріс. Биыл 4 пайызға артық орындалды. Экономиканы дамыту үшін инвестиция тарту керек. Ақтөбеде160 млрд.теңгенің инвестициясы тартылды, - деді Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Тоқтар Төлешовті тоқалдары сотқа берді

Облыс əкімі жергілікті журналистерді қаланың имиджін көтеру үшін жұмыс істеуге шақырды. Əкім Ақтөбе қаласының дамуы жағынан Алматы қаласынан кейінгі орында келе жатқанын да атап кетті.

- Бағаның көтерілуіне тоқтау қоя алмадық. Баға енді төмендейді деп ойлаймыз. Апта сайын жəрмеңке ұйымдастырылып жатыр. Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында 28 млрд.теңге аясында 62 нысанның жобасы жасалынды. Жолдың жағдайын өздеріңіз білесіздер. Қалада 620 көше бар. Соның 50 пайызына ғана жөндеу жасалынған. Өткен жылы 40 көшеге жөндеу жұмыстары жасалынды. Биыл да 40 көшеге жөндеу жасауды жоспарлап отырмыз, - деді облыс əкімі.

Тағы оқыңыздар: Шетелдік БАҚ "Ислам мемлекетінің" жаңа басшысын көрсетті (фото)

Журналистердің сауалдарына жауап берген Бердібек Сапарбаев қала əкіміне қатысты сұрақты жауапсыз қалдырды. Қала əкімі Ілияс Испановтың ұйықтап қалатыны, сматрфонмен БАҚ өкілдерінің жиі назарына ілігіп, көпшіліктің наразылығына түсетіндігі туралы облыс əкімінің пікірін сұраған болатынбыз.

Облыс əкімі: "Ал, Ілияс не айтасың?",-деді.

Қала əкімі Ілияс Испанов өзі туралы тек NUR.kz-тің ғана жаза алатынын айтып, екі əкім де сұрақты жауапсыз қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1557510-saparbaev-aqtobeninh-uyyqtap-zhuretin.html