RU

Тамара Асар туған күнін дүркіретіп өткізіп, жаңа бизнесімен таныстырды (фото)

Халықтың ерке қызы, әнші Тамара Асар 41 жасқа толған туған күнін дүркіретіп Астанада атап өтті деп жазады NUR.KZ.

Әнші қаладағы белді мейрамханалардың біріне ақ дастархан жайып, сексенге жуық өнердегі әріптестерінің басын қосқан.

Атап айтар болса, танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева, сәнгер Жадо, Қыдырәлі мен Қарақат, Маржан Арапбаева, Тұрсынбек Қабатов, Гүлнұр Оразымбетова, Маржан Арапбаева сынды өнер адамдары Тамараның басты қонақтары болып, қуанышымен бөлісті.

Тағы оқыңыздар: Қостанайлық жігіт телефон арқылы қызбен сөйлескені үшін сот алдына келді

Сондай-ақ ол өзінің мешікті мерекесінің қарсаңында жан достарына жаңа бизнесін де таныстырды.

Нақтырақ айтсақ, Тамар Асар биылдан бастап шай ішуге арналған самаурын шығару ниетте.

Әнші самаурынды қазақы сауда белгісімен жез және қыштан құймақ. Ал сыртындағы суреттері ерекше екенін көрсетілімге қойған бұйымдарынан-ақ байқауға болады.

«Сурет салу, шимай жазу, кесте тігу, әртүрлі тастардан картина құрау, киім үлгілерін қиыстырып үйлестіру, ою-өрнекті бағалы тастармен көмкеру, әшекей бұйымдар үлгілерін дайындау, самаурынға сурет салу менің - хоббиім», - деп жазған еді әнші желідегі парақшасына.

Тағы оқыңыздар: БАҚ: Сингапурда 26 жастағы Қазақстан азаматшасы қамауға алынды

Тамара Асар самаурынның бейнесіне ғашық екенін жасырмайды. Тіпті оның мойнындағы алқасыда самаурын іспеттес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1557693-tamara-asar-tughan-kunin-durkiretip-ot.html