RU

Алматылық полицейлер жоғалған қызды іздеуге туыстарының кедергі келтіріп отырғанын айтты

Алматылық Назерке Әріпті іздеуге полицияның жеке құрамындағы 158 қызметкер жұмылдырылды деп хабаралайды NUR.KZ порталы.

«Бойжеткен үйіне оралмаған күні оның туыстары Алматы қаласы Медеу ауданына арыз түсірген. Негізінде Назерке Әріп Талғар ауданында жоғалып кетіп отыр. Заң бойынша адам қай жерде жоғалса сол жерден іздеу жариялану керек. Алайда Медеу аудандық полицейлері Назеркенің туыстары жазған арыз бойынша қызметтеріне уақытында кірісті. Қазіргі таңда Алматы мен Талғар ауданына қатынайтын қоғамдық көліктер мен таксилердің барлығы тексеріліп, жүргізушілерден сұрау алынды. Сондай-ақ қала мен аудан арасындағы жол бойы да толық қаралып шықты. Назерке Әріпті іздеуге бір емес 158 полицияның жеке құрамындағы азаматтар жұмылдыруда.

Тағы оқыңыздарҚостанайлық жігіт телефон арқылы қызбен сөйлескені үшін сот алдына келді

Оның ішінде Ұлттық Ұланның сарбаздары, креминалистер, жедел уәкіл мен тергеушілер де бар. Біз бойжеткеннің туыстарына сабырлық тілей отырып, Назерке аман-есен табылады деген үміттеміз. Жалпы полиция жоғалған адамға қатысты кеңінен мәлімет жарияламайды. Себебі кез-келген ақпарат істің тездетіп ашылуына өз кедергісін келтіреді. Назерке Әріптің туыстары ғаламтор желісі арқылы үндеу жариялау арқылы қазір полиция қызметкерлерінің жұмысына және қыздарының тездетіп табылуына пайдасынан гөрі зиянын тигізіп отыр», - дейді Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда жоғалған бойжеткеннің ата-анасы қазақстандықтарға үндеу жолдап, қыздарын табуға көмектесуін елден сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1557828-almatylyq-policeyler-zhoghalghan-boyzhe.html