RU

Бір аяғы жоқ фотограф оқушы қызды ажалдан арашалап қалды (фото)

ОАР-дың Ист-Лондон қаласында серфингпен айналысып жатқан оқушыға үлкен ақ акула шабуыл жасады, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

13 жасар Зои Стейн жағадан 75 метр алыстап, аяғын суға салып, серфинг тақтасында отырған.

«Кенеттен өзіме тура қарап тұрған екі үлкен қара көзді көрдім. Кейін бір нәрсе сарт ете түсті», - деп еске алады акуланың шабуылын Зои.

Тағы оқыңыздар: IPhone 7 Plus бағасы рекордтық деңгейде арзандады

Үш метрлік балық тістерімен серфинг тақтасына шап беріп, қызды суға лақтырып жіберген.

Осы сәтте Зои басқа серферлердің айғайлаған дауысын естиді. Сол арада есін жиған ол тақтайдың бір шетіне шығып алған. Алайда қатты қорыққаннан ары қарай не істерін білмей отырып қалыпты. Мектеп оқушысын бір аяғы жоқ фотограф Жан-Поль Водри құтқарды.

«Жағаға жеткенімде, мойнымнан ауыр жүк түскендей сезімде болдым. Жан-Поль менің жолым болғанын айтты», - дейді Зои.

Водридің пікірінше, егер Зои серфинг тақтасында тапжылмастан отырмағанда, бәрі басқаша болуы мүмкін еді.

«Акула оның қолын тістеп алар еді. Қан суға тамғанда, не боларын кім білсін», - дейді Водри.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1557883-bir-ayaghy-zhoq-fotograf-oqushy-qyzdy-azhal.html