RU

Ақтөбедегі мұнайлы ауылдың аянышты жағдайына қатысты Сапарбаев пікір білдірді

Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев NUR.KZ -те жарияланған мұнайлы ауылдың жағдайына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды өңірдегі тілші.

Еске сала кетейік, NUR.KZ порталы  осыған дейін Ақтөбедегі мұнайлы ауылдың аянышты жағдайы туралы жазған болатын. Облыс əкімі де мұнайлы өңірдегі жағдайға алаңдаулы.

"NUR.KZ-те жарияланған Ноғайты ауылы туралы материалды оқыдым. Биліктің басы ауырады. Ауылдағы телефон, жол, мұнайдың бəрін білемін. Ноғайты мəселесімен таныспын. "Ақтөбе-Атырау" республикалық трассасы салу барысында Ноғайты ауылына да жол тартылады", - деді облыс əкімі Сапарбаев.

Тағы оқыңыздар: Атышулы бизнесменді сотқа беріп жатқан Төлешовтің ең танымал тоқалы жайлы не білеміз? (фото)

Өңірдегі экологиялық жағдайдың жылдап жиналып қалған мəселе екенін айтқан облыс əкімі ауа тазарту үшін жұмыстар жасалып жатқанына тоқталды.

"Экология мəселесінің 30-40 жылдық тарихы бар. Жиналып қалған мəселе. Ауаны тазарту мақсатында Ресей, отандық ғалымдармен жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді Бердібек Сапарбаев.

Жарты жылды қорытындылап, БАҚ өкілдерін жинаған облыс əкімі ақтөбеліктерді қаланың патриоты болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558095-aqtobedegi-munayly-auyldynh-ayanyshty-zh.html