RU

Шіліңгір шілдеде Чилиді қалың қар басты (фото, видео)

Шіліңгір шілдеде Чилиді қалың қар басты. Әсіресе, ел астанасы Сантьягода қыс қаһарына мініп тұр деп хабарлайды КТК арнасы.

Табиғаттың тосын мінезінен қаладағы көлік қозғалысы қиындап, электр желілері үзілген. Жергілікті құтқарушылардың мәліметінше, 28 мың адам жарықтан қағылған екен. Десе де, табиғаттың бұл тосын құбылысы тұрғындарды аса алаңдатпайтын секілді.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбедегі мұнайлы ауылдың аянышты жағдайына қатысты Сапарбаев пікір білдірді

Соңғы 15-20 жылдан бері ақ ұлпа ұстап көрмеген халық бұрқасынға қарамастан көшеге шығып, қармен атысып ойнауда. Ал ауа райын болжаушылар алдағы күндері де осындай суық болады деп ескертті.

Айта кетейік, Чилиде шілде ең салқын ай болып саналады. Бірақ биылғыдай жағдай бұрын-соңды болмаған екен.

Тағы оқыңыздар: Атышулы бизнесменді сотқа беріп жатқан Төлешовтің ең танымал тоқалы жайлы не білеміз? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558176-shilinhgir-shildede-chilidi-qalynh-qar-bas.html