RU

Астанада ауқаттылар тұратын үйдегі қайғылы оқиғаға қатысты тың дерек пайда болды

Астаналық "Хайвилл" тұрғын үй кешенінде болған қайғылы жағдай туралы жаңа дерек пайда болды. Онда Назарбаев университетінің профессоры отбасымен қаза болған еді деп хабарлайды "Время" газетіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Нигериялық хирургия профессоры Элайджи Кехинденің артынан (суретте) тағы екі үлкен қызы қалды. Олар Ұлыбританияда тұрады. Жақын күндері Астанаға ұшып келмек.

Басылымның сенімді дереккөзінің хабарлауынша, профессордың қыздары Йемиси  мен Олайтан марқұмдарды қай елде жерлейтінін өздері шешеді. Оларды Астанада, әкесінің туған жері Нигерияда немесе анасының отаны Ұлыбританияда жерлеуі мүмкін.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбедегі мұнайлы ауылдың аянышты жағдайына қатысты Сапарбаев пікір білдірді

Жақын күндері Назарбаев университетінің медицина мектебінде марқұмдармен қоштасу рәсімі өтеді. Элайджи Кехинде аталған университетте  бір жыл істеген.

Еске салсақ, жантүршігерлік өрт "Хайвилл" тұрғын үйінің 9-қабатында өткен жұма күні таңғы бесте орын алды. Профессордың әйелі мен екі кенже қызы Астанаға қайғылы оқиғадан екі күн бұрын келгені белгілі болды.

Шетел азаматтары тұрып жатқан пәтердің бір емес, одан да көп бөлмелі болғаны анықталды.

"Мен онда екі бөлменің бар екенін білемін, бірі - өрт шыққан 65 шаршы метрлік бөлме, екіншісі өртенбеген бөлме. Пәтерде жалпы қанша бөлме болғаны белгісіз", - дейді төтенше жағдай бойынша комиссия өкілі Руслан Иманқұлов. 

Шетелдік профессордың достары өрттің осындай заманауи үйден шыққанына таң қалуда.

"Өртті электр желісінде болған ақаудан шықты дейді. Бұл үйде түтінді ескертетін датчиктер мен иісті сезетін детекторлар бола тұра осындай жағдай орын алған!", - деп жазады әлеуметтік желіде Эммануэль Фашакин есімді досы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558230-astanada-auqattylar-turatyn-uydegi-q.html