RU

Серік Ибрагимов тұңғышын перзентханадан дүркіретіп шығарып алды (видео)

Жуырда ғана әке атанған Серік Ибрагимов сүйікті жары мен тұңғыш баласын перзентханадан дүркіретіп шығарып алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Әртістің жары Алматы перзентханаларының бірінде ұл баланы дүниеге әкелді. Жақындарын үйіне шығарып алуға Серік өнердегі достары және туыстарымен келген.

Гүл шоқтары мен түрлі-түсті шарлар перзентхана үйін мерекеге айналдырып жіберсе, баян мен домбыра асынған Серіктің әріптестері әннен шашу шашты.

Қуанышы қойнына сыймай жүрген әке мерекенің жалғасын үйінде жасап, барша келген қонақтарға ақ дастархан жайған.

>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558341-serik-ibragimov-tunhghyshyn-perzentkhan.html