RU

Телефоннан көз алмай келе жатқан қыз баспалдақтан құлап, ажал құшты (видео)

Қытайдың Аньхой провинциясында телефонына қарап келе жатқан тұрғын баспалдақтан құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап baq.kz.

Оқиғаның видеосын MiaoPai порталы жүктедi. Басынан алған жарақатынан есінен танып қалған бойжеткен бірден ауруханаға жеткізілген. Алайда ол бір күннен соң тілге келместен көз жұмды.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің екі мыңға жуық азаматы Түркияның "қара тізіміне" енді

Айта кетейік, 10 шілде күні АҚШ-та зейнеткер телефонға үңіліп келе жатып тереңдiгi екі метр болатын ашық люкке құлап, жарақат алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558445-telefonnan-koz-almay-kele-zhatqan-qyz-b.html