RU

Шымкентте жұмысынан қашып кеткен әскери қызметкер сот алдына келді

Шымкентте әскери қызметші қашқындық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі Әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент гарнизонының әскери соты Қылмыстық кодекстің 442 бабы 1 бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылық әрекет жасағаны үшін әскери бөлімшелердің біріндегі сарбазға қатысты қылмыстық істі қарады.

Әскери бөлім командирінің бұйрығымен әскери қызметшіге кезекті еңбек демалысы берілген. Алайда, ол демалыс билетінде көрсетілген мерзімде жұмысқа шықпаған. Белгілі болғандай, ол күзет агенттігіне жұмысқа кірген. Бөлімшеден түскен қоңыраулар мен СМС-хабарламаларына жауап та қайтармаған. Жедел іздестіру шаралары барысында әскери полиция қызметкерлері тәртіпті бұзған қызметкерді ЖШС күзет агенттігінен ұстады.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің екі мыңға жуық азаматы Түркияның "қара тізіміне" енді

Сот отырысында әскери қызметкер кінәсін толық мойындап, өкінетіндігін айтқан. Сот үкім шығару барысында оның жасын, бұрын сотталмағандығын, оң мінездемесін және басқа да жеңілдететін мән-жайларды назарға алды. Шымкент гарнизоны әскери сотының үкіміне сәйкес сотталушы құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Қылмыстық кодекстің 49-бабына сәйкес сотталған ефрейтор әскери атағынан да айырылды. Ол Қылмыстық кодекстің 63-бабына сәйкес жазасын шартты түрде өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558481-shymkentte-zhumysynan-qashyp-ketken-ask.html