RU

Белгілі экстрасенс Алматыда із-түссіз жоғалған қызға қатысты болжам жасады

Танымал экстрасенс Жігер Садықов алматылық Назерке Әріп жөнінде болжам жасап, бойжеткеннің дәл қазіргі сәтте дін аман екенін жеткізді. Бұл туралы белгілі эсктрасенс NUR.KZ порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

Еске сала кетейік, редакциямызға алматылық Назерке Әріптің туыстары хабарласып, бойжеткеннің 2017 жылы 10 шілдеде сағат 13:40-та үйден шығып кеткенін айтып, оның күні бүгінге дейін оралмағанын жеткізген еді. Осыған орай, NUR.KZ тілшісі экстрасенс Жігер Садықовқа хабарласып, алматылық аруға байланысты болжамын білген еді.

«Дәл қазіргі сәтте Назерке дін аман. Оны Алматы қаласының өзінен емес, қала шетіндегі аумақтардан көріп тұрмын. Егер, полицейлер мен еріктілер бар күшін салып іздестіру жұмыстарын жалғастырса, Назеркені тауып қалуы әбден мүмкін», - деді белгілі экстрасенс.

Айта кетейік, Жігер Садықов көпшілікке «Руки помощи» жобасы арқылы танылып, қоғамның түрлі оқиғаларға қатысты өз болжамдарын жасап жүрген танымал көріпкел.

Экстрасенске бұған дейін Бәтес Мұхитдинова, Мадина Балғабаева, Динара Сәтжан, Рано Омарова сынды белгілі отандық жұлдыздар көмекке жүгініп, көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558567-belgili-ekstrasens-almatyda-iz-tussi.html