RU

Алматылық жанкешті Күлекбаев жазасын қалай өтеуде?

Діни экстремист және террорист Руслан Күлекбаев бір жыл бұрын Алматыда Алмалы АІІБ маңындағы ҰҚК мен салық департаментінде атыс ұйымдастырған еді. 10 адамның өмірін жалмаған Күлекбаевты осы уақытқа дейін тірі жан іздеп келмеген деп жазады"Время" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Қазақстандағы атқарушы жүйенің ең қатал саналатын орнында Күлекбаев жалғыз адамға арналған камерада отыр.

Тағы оқыңыздар: Жеңіліп көрмеген канадалық боксшы Қанат Исламның қарсыласы атанды

Басқа сотталушылармен оның ешқандай байланысы жоқ. Күніне бір рет барлық қауіпсіздік шараларымен оны серуенге алып шығады. 

Күлекбаев түрмеде отырған бес ай ішінде режімді бұзғаны үшін алты тәртіптік жаза алған.

"Күлекбаевтан  барлық адам бас тартқан: оны іздеп ешкім келмейді, ол да ешкімге жазбайды, ешкімнен ешқандай хабар алмайды", - дейді түрме әкімшілігі.

Еске салсақ, 2016 жылдың екінші қарашасы күні Алматыда жазықсыз он адамды өлтірген Руслан Күлекбаевқа қатысты үкім шыққан. Террорист сотта өзін өте дөрекі ұстап, тергеушіге шабуылдамақ болған... Ақыр аяғы Күлекбаев өлім жазасына кесілді.

Үкім өз күшіне енген үш айдан соң Күлекбаев Арқалық түрмесіне көшірілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558580-almatylyq-zhankeshti-kulekbaev-zhazasy.html