RU

Аш-құрсақ күйде сал әйелін асырап жүрген ер адам көпшілікті тәнті етті (фото)

Таиландтың Сакэу провинциясының тұрғыны жылан шағып алғаннан кейін бұлшық еттері атрофияға ұшырап, сал болып қалған. Жақын маңда емхана жоқтығынан әйел адамға сүйегі саудырап, әрең жүрген күйеуінен басқа қарайтын адам қалмаған деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Отбасылық жұп бұл қайғылы оқиғаға дейін де шалқып өмір сүрмеген, енді өмірлеріндегі ең қиын кезең басталды.

Сал болған әйел жұмыс былай тұрсын, өздігінен қимылдай алмайды.

Күйеуі болса жарын сеніп тапсыратын жан болмағандықтан, жұмыс істеуге еш мүмкіндігі жоқ. Бірақ ол "Біз жас күнімізде қандай жағдай болмасын бірге болуға уәде еткенбіз. Менің жарым —өмірімдегі ең маңызды жан, оны тастап ешқайда кетпеймін", - дейді.

Тағы оқыңыздар: Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалған қызды бейтаныс азаматтың қасынан тапты (фото)

Отбасы мейбіран көршілері жинап берген 700 батқа өмір сүруге мәжбүр.

Күйеуі дұрыс тамақтанбағаннан азып кетсе де, әйеліне қамқор болуды ұмытар емес.

Бұл жұп жайлы БАҚ беттерінен оқыған әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар оларға барынша көмектесуге тырысуда.

Тай баспасөзінде бұл оқиғаны заманауи өмір салтына қарсылық деп жазған.

Тағы оқыңыздар: Алматылық жанкешті Күлекбаев жазасын қалай өтеуде?

Бұрынғы замандағы қарттар үшін жарына берген антынан қадірлі де, қасиетті ештеңе жоқ. Олар ең бастысы рухани байлықтың не екенін біледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558607-ash-qursaq-kuyde-sal-ayelin-asyrap-zhurg.html