RU

Министр ана тілі туралы орынсыз қалжыңдаған әзілкешке қатысты пікір білдірді

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әзілкеш Азамат Мұсағалиевтің қазақ тіліне қатысты жұрттың ашуын туғызған әзіліне пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Меніңше, ол ойламай әзілдеп айтты. Мен оны жақсы білемін, ол жан-жақты және тартымды адам. Менің ойымша, бұл бір түсінбестік болды", — деді Мұхамедиұлы БАҚ өкілдеріне.

Тағы оқыңыздар: Жеңіліп көрмеген канадалық боксшы Қанат Исламның қарсыласы атанды

Еске сала кетейік, "Камызяки" КВН командасының капитаны Азамат Мұсағалиев ресейлік ТНТ арнасының эфирінде көрсетілген промороликке түскен. 14 секундтық видеода StandUp шоуының резиденті Нұрлан Сабуров Мұсағалиевтен қазақ тілінде "Өзің қалай? Денсаулық қалай?" деп сұрайды. Ал Азамат "Курлы-мурлы, курлы-мурлы" деп жауап береді.

Оның айтқанын түсінбеген Нұрлан "бұл не мағына береді?" деп сұрайды. Ал Мұсағалиев: "Қалайша? Сенің сөзіңнің мәні бар ма? Мен жай әзілдеп жатқан шығармыз десем", — дейді.

Қазақ жігіттерінің бұл әзілі жұрттың ашуын туғызды. Пікір қалдырғандардың көпшілігі өз ана тілі туралы орынсыз қалжыңдаған әзілкештерді өткір сынның астына алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558622-ministr-ana-tili-turaly-orynsyz-qalzhy.html