RU

Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалған қызды бейтаныс азаматтың қасынан тапты (фото)

Кеше кешкісін Астанада Ұлттық ұланның жауынгерлері жоғалған қызды ізін суытпай тауып, анасының қолына тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz.

Оқиға кешкі сағат алтылар шамасы болатын. Құрамында әскери жасақ бастығы капитан Василий Гунько және патрульшілер Александр Новиков пен Райымбек Елеуғалиев Нұрлы жол көшесі бойымен тәртіпті қадағалап келе жатты.

Тағы оқыңыздар: Министр ана тілі туралы орынсыз қалжыңдаған әзілкешке қатысты пікір білдірді

Кенеттен олардың алдынан мазасы қашқан әйел шыға келіп, кішкентай қызының жоғалғанын айтып, көмек сұрайды. Анасының айтуынша, төрт жасар Дамирадан көз жазып қалғанына екі сағаттай өтіпті.

Әскерилер бұл туралы дереу көрші бағыттағы жасақтарға хабарлап, жоғалған қызды іздеуге кіріседі. Жасақ бастығы капитан Гунько бастаған топ кішкентай қыздың сипаттамасы бойынша шұғыл қимылдап, нәтижесінде оны бейтаныс азаматтың қасынан табады.

Әскерилер аталған азаматты тоқтатып, бұл туралы шұғыл патрульдік топ бастығы майор А. Мұратовқа баяндап, жедел-тергеу тобын шақыртады. Бұдан кейін ұсталған азамат, анасы мен қызы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Астана қаласы Есіл ауданының ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558644-ulttyq-ulan-zhauyngerleri-zhoghalghan-qy.html