RU

Елiмiзде орташа жалақы мөлшері өсті

2017 жылғы қаңтар-маусымда елiмiзде орташа айлық жалақы мөлшерi 1,9%-ға, 140,8 мың теңгеге дейiн өстi. Елiмiздiң қаржы нарығында тұрақты ахуал сақталуда. Бұл жайында үкiмет отырысында Ұлттық экономика министрi Тимур Сүлейменов айтты деп хабарлайды Baq.kz.

«Жыл басынан берi теңгенiң нығаю әсерiнiң жоғалуы аясында инфляцияның баяулағаны байқалып отыр. Биылғы жылғы маусымда жылдық инфляция 9,8 пайыздық тармаққа, 7,5 пайызға дейiн төмендедi. 2017 жылғы қаңтар-маусымда орташа айлық жалақы номиналды мәнде 1,9 пайызға, 140,8 мың теңгеге дейiн өстi. Жұмыссыздық деңгейi 2017 жылғы маусымда 4,9 пайыз деңгейiнде сақталды», - дедi министр.

Тағы оқыңыздар: Астана аяқ асты қара түнекке оранды (фото, видео)

Сүлейменовтың айтуынша, биылғы жылғы бiрiншi жартыжылдықта сыртқы және iшкi даму жағдайларының жақсаруы аясында Қазақстан экономикасы одан әрi өсуiн жалғастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558681-elimizde-ortasha-zhalaqy-molsheri-osti.html