RU

Алматыда Tele2 абоненттері байланыссыз қалды

Алматыдағы Tele2 ұялы байланыс операторының абоненттері байланыстың нашарлығына шағым білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

ВКонтакте желісінің Tele2 ресми парақшасында қолданушылар байланыстың нашарлығын хабарлаған.

Тағы оқыңыздар: Қалыңдық үйлену тойының қаражатына 170 қаңғыбасты тамақтандырды (фото)

"Сіздің байланысыңыз тағы да түсіп кетті ма? Желі жоқ болса, интернет те жоқ, "тек төтенше қоңыраулар" ма, не мәселе, байланыс қашан пайда болады?", "Мен Алматының орталығында тұрамын, сол үшін байланыс аясынан тыс жерге жаба салуға болмайды" - деді Tele2 абоненттері.

Пікірлерге қарасақ байланыспен ақаулар шамамен 14.00-ден кейін басталған.

Facebook қолданушылары да осындай қиындыққа тап болғанын жазады.

Компанияның сайтында хабарлағандай, қазіргі таңда Tele2 мен Altel-ді біріктіру мақсатында техникалық жұмыстар жүргізілуде.

Тағы оқыңыздар: Елiмiзде орташа жалақы мөлшері өсті

Сондай-ақ, 18 -19 шілде күні Алматыда құрал-жабдықтарды жарақтандыру жұмысы жүргізіледі делінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558685-tele2-abonentteri-baylanystynh-nasharlyghyn.html