RU

Қалыңдық үйлену тойының қаражатына 170 қаңғыбасты тамақтандырды (фото)

Бүгінде үйлену тойында миллиондаған ақша шашып, қымбат көйлек пен макияждың мінсіз болуы сәнге айналды. Ал америкалық қалыңдықтың үйлену тойының орнына үйсіздерді тамақтандырғаны көпшілікті таңдандырды деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үйлену тойының шығыны 30 мың долларды құраған (9 780 000 теңге). Алайда әйел соңғы уақытта салтанатты шараны шегеріп, қаңғыбастарды тамақтандырған. Индиана штатының 25 жастағы тұрғыны Сара Каммингс Ritz Charles қонақ үйінің залын жалға алған.

Тағы оқыңыздар: Аш-құрсақ күйде сал әйелін асырап жүрген ер адам көпшілікті тәнті етті (фото)

Ол өзі тұратын аудандағы қаңғбастар үйіне хабарласып, түскі асқа 170 адамды шақырған.

"Бұл өте ауыр болды. Мен барлығына хабарласып, тойдың болмайтынын айтып, кешірім сұрадым. Әсіресе біз тойға дейін берген тапсырысты кейін шегеруге болмайтынын естігенде, барлық тамақтың құритынына ішім ашыды" – дейді бойжеткен.

Тағы оқыңыздар: Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалған қызды бейтаныс азаматтың қасынан тапты (фото)

Сара қонақтарын банкетке әкелетін арнайы автобус жалдаған. Жергілікті мекеме мұндай мерекеге арнап оларға киім берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558699-qalynhdyq-uylenu-toyynynh-qarazhatyna-170-q.html