RU

Маңғыстау облысында атыс салдарынан алты адам зардап шекті

Маңғыстау облысы Қарақиян ауданында атыс салдарынан алты адам зардап шекті. Үш зардап шегушіге дәрігерлер көмек көрсетті. Тағы үшеуі ауыр халде облыстық емханаға жеткізілген. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Ладаға" сілтеме жасап хабарлайды.

Атыс 17 шілдеден 18-не қараған түні Құрық ауылында болған.

"20, 22 және 23 жастағы тұрғындар көптеген оқ жарақаттарымен сағат түнгі 00:30-да Құрықтан облыстық емханаға жеткізілді. Үшеуіне жедел түрде ота жасалды. Зардап шегушілер кеуде тұсынан, аяқ-қолдарынан жарақат алған. Олардың бірі өте ауыр жарақаттармен келіп түсті. Ол жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді емхана өкілі Мұхамеджан Нұрғазиев.

Тағы оқыңыздар: Қалыңдық үйлену тойының қаражатына 170 қаңғыбасты тамақтандырды (фото)

Екінші науқас есін жиған. Ал үшінші зардап шегуші жасанды қан айналым аппаратына қосылды.

Оқиға куәгерлері болса, атыс салдарынан бірнеше адамның өлтірілгенін айтуда. Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді.

"Бүгінде кінәлілер іздестіріліп жатыр. Тергеудің өзге ақпараты құпия сақталуда", - дейді мекемеде.

Оқиғаны мән-жайы анықталу үстінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558724-manhghystau-oblysynda-atys-saldarynan.html