RU

Петропавл көгінде ұшып жүрген белгісіз нысан тұрғындардың зәресін ұшырды (видео)

Петропавл қаласының тұрғындары аспанда ұшып жүрген белгісіз нысанды түсіріп алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ерекше құбылыс кадры 17-ші шілде күні түсірілген. Аталған видеоны Instagram желісіндегі skopetro парақшасы жариялады.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстау облысында атыс салдарынан алты адам зардап шекті

Ол жерде аспанда әрі-бері қозғалып жүрген аппақ жарқыл көрінеді. Ролик авторы видеоның Сокол маңындағы шіркеудің жанында түсірілгенін атап өткен.

Қазнет қолданушылары мұны ұшып жүрген кептерлер үйірі десе, енді біреулер жатпланеталықтар болар деген болжам айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558763-petropavl-koginde-ushyp-zhurgen-belgis.html