RU

83 жастағы қария өз әйелін қорадағы малға қарамағаны үшін пышақтап тастады

Қырғызстанның Ош облысында 83 жастағы қария өз әйелін пышақтап тастады. Бұл туралы zanoza.kg басылымы жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 14 шілдеде сағат кешкі алтылар шамасында түскен қоңырау бойынша оқиға орнына жеткен. Әйелдің қан жоса болған мәйіті Жапалақ ауылының көшесінен табылды.

Тағы оқыңыздар: Танымал супермодель миллиардерге жасырын тұрмысқа шығып алды (фото)

Кейін оның аты-жөні анықталды. Ол 1938 жылы дүниеге келген екен. Қайтыс болған әйелдің мойнынан пышақ сұққаны анықталды. Күдікті ретінде оның 83 жастағы күйеуі ұсталды.

Ер адамның айтуынша, ол әйелімен сөзге келіп қалған. Күйеуі әйелін қорадағы малға дұрыс қарамағаны үшін соққыға жығыпты. Ал әйелі оған сөз қайтарған. 83 жастағы қария ішімдік ұрттаған болып шықты. Ашу үстінде ол әйеліне пышақ ала жүгірген. Ал әйелі болса, көше жаққа қашқан.

Үсті қанға малынған әйел басқалардан көмек сұрау үшін далаға жүгірген, алайда көп қан жоғалтқандықтан үйінің жанында құлап, көз жұмды.

Экспертиза күдіктінің қанында алкогольдің барын растады. Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558868-83-zhastaghy-qariya-oz-ayelin-qoradaghy-malgh.html