RU

Әлемдегі ең кішкентай әйел үш баланы өмірге әкелді

36 жастағы Стейси Геральд (Stacey Herald), бойы 71 см болғанына қарамастан, үш баланың анасы атанып отыр деп хабарлайды lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Стейси Геральд - әлемдегі ең кішкентай ана.

Ол күйеуі Уилмен 2000 жылы бірге жұмыс істеген супермаркетте танысқан. Оның күйеуінің бойы- 175 см.

Отбасын құрған соң, жұбайлар бірден балалы болуды қалаған. Бірақ Стейсидің денсаулығына байланысты дәрігерлер олардың балалы бола алмайтынын айтқан.

Дәрігерлердің ескертуі жұбайлардың сәттіліктерін тексеріп көрулеріне кедергі болмаған, 8 айдан кейін Стейси жүкті болады.

Тағы оқыңыздар: Жауынға төтеп бере алмаған Астана тағы да "Венецияға айналды" (фото, видео)

Бірақ, олардың бірінші қыздары анасының ауруымен туылған. Осыдан кейін әдеттегідей өмір сүріп жатқан ол екінші рет жүкті болады.

"Бәрі маған "Сен не істеп жатырсың?" деп айқайлады. Біз құдайдың қолдауын тіледік", - дейді ол.

Қуаныштарына орай, олардың екінші балалары Макайдың дені сау, ешқандай аурусыз дүниеге келді.

Стейсиге күйеуі Уил балаларды қарауға жәрдемдескен. Олар үйлеріндегі жиһаздың бәрін Стейсиге ыңғайлы етіп жасаған.

Тағы оқыңыздар: Қытайда қызғаншақ ер адам әйелін балконнан лақтырып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558893-alemdegi-enh-kishkentay-ayel-ush-balany-o.html