RU

Асқар Ақаевтың қазақстандық күйеу баласы 20 жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың күйеу баласы, Қазақстан азаматы Әділ Тойғанбаев Бішкекте сырттай сотталды деп хабарланды қырғыз сотының сайтында. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Тойғанбаев Асқар Ақаевтың үлкен қызы Берметке үйленген. Асқар Ақаев 2005 жылы Қырғызстан президенті қызметінен кеткен соң, Тойғанбаевқа мемлекеттік нысандарды заңсыз жекешелендіріп, алаяқтық және жемқорлықпен айналысты деген айып тағылды.

Қазақстандыққа халықаралық іздеу салынып, ол бірнеше рет Қазақстанда, Ресейде және Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталған, бірақ Бішкек билігінің қолына бір түспей қойды.

Тағы оқыңыздар: Қытайда қызғаншақ ер адам әйелін балконнан лақтырып жіберді

Ақыры соңында, Тойғанбаев Бішкекте сырттай сотталып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды және мүлкі тәркіленіп, екі жүз есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сонымен бірге, Тойғанбаевтың Манас халықаралық әуежайына 677 миллион сом өтемақы төлеуі қарастырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558954-asqar-aqaevtynh-qazaqstandyq-kuyeu-ba.html