RU

Алматы маңында ер адам пойыз астында қаза тапты

Алматы түбінде ер адам пойыз астына түсіп, оқиға орнында қаза тапты деп хабарлайды көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға Байсерке станциясында болған. Семей-Қызылорда жолаушылар пойызының машинисі шұғыл түрде тоқтағанымен, пойыз адамды қағып кеткен. Зардап шегуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Тағы оқыңыздар: Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Аталмыш дерек Қылмыстық кодекстің 344-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1558984-almaty-manhynda-er-adam-poyyz-astyna-tu.html