RU

Атырауда үкімге қарсы болған қылмыскер сот залында күре тамырын кесіп жіберді

Атырауда зейнеткерді өлтіргені үшін сотталған ер адам сот залында өз-өзіне қол салмақ болды деп хабарлайды ATPress.kz сайтына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Ол қарт туысын өлтіріп, тонағаны үшін айыпталған болатын.

"Сот процесі Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өтті. Қылмыскер 76 жастағы зейнеткерді өлтіріп, қаражатын алып кеткен. Қаныпезер айыбын мойындамай, сот залында күре тамырын кесіп жіберді. Тергеу изоляторынан өткір затты білдірмей алып кірген", — деп жазады басылым.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте жұмысынан қашып кеткен әскери қызметкер сот алдына келді

Сот жасауылы Мейрам Жұбанов сотталған ер адамның өмірін сақтап қалды, ол тез арада белбеуін шешіп, қылмыскердің қолын байлап, қанды тоқтатқан. Кейін "жедел жәрдем" шақырған. Бұл әрекеті үшін жасауыл басшылықтан құрмет қағазын алды.

Атырау тұрғынына қатысты үкім заңды күшіне енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559067-atyrauda-ukimge-qarsy-bolghan-qylmysk.html