RU

"Қазгидромет" үш облыстың тұрғындарын абай болуға шақырды

«Қазгидромет» Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарының тұрғындарын абай болуға шақырды деп хабарлайды КТК арнасы.

Өйткені болжам бойынша алдағы бірнеше күнде аталған өңірлерде қатты жауын-шашын мен найзағай және дүлей дауыл болуы мүмкін.

Ал, еліміздің батыс аймағында керісінше аптап ыстық болады деп күтілуде. Сондықтан синоптиктер Ақтау мен Атырау жұртына да ми қайнатар ыстықта сақ болуға кеңес беріп отыр.

Тағы оқыңыздар: Алматыда қызының еміне деп халықтан ақша жинатқан жеңгесін қайын інісі сотқа берді

Жалпы, мамандар ауа райының жиі тосын мінез танытатынын айтады.

«Қазгидромет» жүргізген мониторинг бойынша жыл сайын климат өзгеріп келеді. Яғни табиғат тарапынан түрлі қауіп көбейіп жатыр", - дейді «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары Мереке Әбдірахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559128-qazgidromet-ush-oblystynh-turghyndaryn.html