RU

Маңғыстау облысындағы атыстан бір жігіттің жиырма жеріне оқ тиген

Маңғыстау облысының ІІД Құрық ауылындағы атысқа қатысты пікір білдірді. Өңірлік ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Алтынбек Қалиевтің айтуынша, күдіктілердің жеке тұлғалары анықталып, қылмыстың жай-жапсары белгілі болған деп хабарлайды "Тумба.kz"-ке сілтеме жасап NUR.KZ.

"Құрықта жас жігіттер ергісіп қалған. Жас шамалары небәрі 19-20-да. Сөйтіп олар "үлкен ағаларын" (жасы 22-23-те) шақырған. 10-15 жігіттен құралған топ ауылдың сыртына шығып, төбелес барысында екі рет оқ атылған. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - дейді Алтынбек Қалиев.

Тергеудің өзге ақпараты құпия сақталғандықтан ІІД қанша адамның күдікті ретінде ұсталғанын хабардар етпеді.

Тағы оқыңыздар: Алматыда қызының еміне деп халықтан ақша жинатқан жеңгесін қайын інісі сотқа берді

Ал Маңғыстау облыстық ауруханасы директорының орынбасары Мұхамеджан Нұрғазиевтің айтуынша, бір жігіттің жиырма жеріне оқ тиген деп хабарлайды КТК арнасы.

"Түнгі бірлер шамасында қансыраған үш жігітті алып келді. Оларға шұғыл ота жасадық. Бір жігіттің жиырма жерінен оқ тиген. Бытыра ішек қарнын бірнеше жерінен тесіп тастаған. Қалған екеуі де іштен жараланған", - дейді Мұхамеджан Нұрғазиев.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Құрық ауылында атыс болып, алты адамның зардап шеккені хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559139-manhghystau-oblysyndaghy-atystan-bir-zhi.html