RU

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейеді, республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ күтіледі, жел екпіні 23 м/с-ке күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жауады, жел екпіні 25 м/с-ке күшейеді.

Тағы оқыңыздар: Қоянбаев: Бір қателесті екен деп өз бауырымызды өзектен теппейік

Қарағанды облысында жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін, жекелеген аудандарында таңертең тұман болып, күндіз бұршақ жауады. Қостанай облысында таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман болады.

Павлодар облысында жел күшейіп, күндіз бұршақ жауады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау мен Алматыда өте қатты ыстық күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Тағы оқыңыздар: Алматыда қызының еміне деп халықтан ақша жинатқан жеңгесін қайын інісі сотқа берді

Астана қаласында күн райы көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз 15-20 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +11, +13°С, күндіз +22, +24°С болады.

Алматы қаласында күн райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +18,+20°С, күндіз +30, +32°С болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559228-elimizdinh-basym-boliginde-zhanhbyr-zhau.html