RU

Алматыда хиджаб киген әйелдер автобус жолаушысымен жаға жыртысты (фото)

NUR.KZ оқырманы WhatsApp 8747 535 12 98  нөміріне автобустардың бірінде болған оқыс жағдайдың фотоларын жолдады.

"Бүгін маған №38 автобустың екі жолаушысы балағат сөздермен тап берді. Олардың бірі мені бетімнен ұрып жіберді. Енді менің оң жақ көзім көгеріп қалған. Менде ол әйелдердің фотосы да бар. Видеоға түсіріп үлгермедім. Олар менен телефонымды күштеп тартып алмақ болды. Оларды телефонға түсіре бастап едім, қашып кетті. Бұл жайттың жалпақ жұртқа жария болғанын қалаймын", - дейді әйел.

"Маған ер адам мен кондуктор әйел араша түсті. Кондуктор маған өз байланыс нөмірін беріп, қажет болса, әйелдердің тап бергенін растауға әзір екенін айтты. Автобуста бейнекамералар жұмыс істейді. Бұл оқыс жағдайды камерадан-ақ көруге болады. Үстімде джинс шалбар мен футболка болған. Екі балам бар отбасылы әйелмін. Ашық-шашық киінбегенмін. Олар неге осынша адамға балағат сөздер жаудыратынын түсінбеймін", - деп жалғастырды оқырман.

"Мен терезені жапқым келді. Олар ыстықтап тұрғанын айтып, маған терезені жаптырмай, ұрыса бастады. Қара киген әйел бейәдеп сөздер жаудырып, "жезөкше, бұл жерден кетіп, өз ісіңді бітір" деді. Мені АІІБ-ге алып кетті. Сол жерден Қалқаманның емханасына бардым. Медициналық сараптама нәтижелерім бар", - дейді жолаушы.

Тағы оқыңыздар: Өз әріптесін өлтірген көкшетаулық майор 18 жылын түрмеде өткізетн болды

"Олар маған сағат таңғы 9:40-та Рысқұлов көшесіне бет ала бергенде тап берді", - деп шағымданды Алматы тұрғыны.

Алматы ІІД баспасөз қызметі әйелдің шағымына қатысты түсініктеме берді.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Ninety one тобы Астанада корейлік жұлдыздармен бірге өнер көрсетті (видео)

"Бұл азаматшаның шағымын ІІБ қабылдады... Белгілі болғандай, бұл оқиға Алматының Медеу ауданында орын алған", - дейді ІІД өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559292-almatyda-khidzhab-kigen-ayelder-avtobu.html