RU

Астаналық жігіттер жартылай жалаңаш ән шырқаған корейлік қыздарға ғашық боп қалды (видео)

Кеше елордамыз Астанада күллі әлем көз тіккен ЭКСПО көрмесі аясында "К-Culture Party" кеші өтті. Аталмыш шараға қатысу үшін арнайы келген корейлік қыздарға қазақстандық жігіттер ғашық боп қала жаздаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Оңтүстік Кореяның В1А4, АОА, HIGHLIGHT сынды танымал топтары астаналықтарды өз өнерлерімен тәнті еткен.

Сондай-ақ, концертке көпшіліктің көңілін түрлі хит әндерімен жаулап алған Ninety one тобы қатысып, тыңдармандарының сүйіспеншілігіне бөленді.

Айта кетерлігі, кеш билеттері «ЭКСПО» көрмесіндегі Оңтүстік Корея елінің павильонында тегін үлестіріліпті.

Сахнаға бірінен соң бірі шыққан корей елінің өнер жұлдыздары өз репертуарларындағы хит әндерді орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жатты.

Әсіресе, тек қыздардан құралған АОА тобы сыртқы киімдерімен қазақстандық тыңдармандарды таң қалдырды. Олар сахнаға шолақ балақты шалбар киіп шығып, түрлі танымал әндерді орындаумен болды.

Корей елінің K-PОР стиліндегі топтары өз өнерлерін көрсетіп болған соң, сахнаға Q-POP бағытында жол салған қазақстандық әйгілі Ninety one тобы шықты.

Танымал топ «Қайтадан» атты әнімен бірге басқа да хит әндерін орындап, астаналық арулардың алғысына бөленді. Тыңдармандары сүйікті әншілерімен бірге ән шырқап, әуеннің ырғағына билеумен болды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған концерт Астанадағы «Оңтүстік Кореяның» ұлттық күніне орай ұйымдастырылған бағдарлама аясында алдағы уақытта түрлі мәдени іс-шаралар өткізіледі деп күтіліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559300-atyshuly-ninety-one-toby-astanada-koreylik-zhul.html