RU

Қытай билігі президент Си Цзиньпинге ұқсағаны үшін Винни Пухқа тыйым салды (фото)

Қытайда ел билігі барлық әлеуметтік желілерден Уолт Диснейлік мультфильм кейіпкері Винни Пухтың суреттерін алып тастады деп хабарлайды Financial Times басылымы.

Басылымның мәліметінше, Бейжің бұл қадамға Қытай басшысы Си Цзиньпинді мультфильм кейіпкері Винни Пухқа теңеген суреттердің әлеуметтік желілерде көптеп тарап кетуінен кейін барған.

Осыған байланысты суретті әлеуметтік желілерде өз парақшасына жариялаған бірнеше адам қамауға да алынған. Әзірге Қытай билігі бұл іске байланысты ешқандай ресми мәлімдеме жасамады.

Тағы оқыңыздар: Астанада өнер көрсеткен Ninety One тобы корейлік жұлдыздардан асып түсті (видео)

Financial Times газетінің айтуынша, Қытай билігі күзде өтетін Қытай Коммунистік партиясының кезекті съезі қарсаңында әлеуметтік желілерде цензураны күшейткен.

Дереккөз: Qazaqtimes.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559354-qytay-biligi-prezident-si-czinpinge.html