RU

Қытай клубында демалған қазақтар қол ұстасып, билеп жүрген жас жігіттерден шошып қалды

Қытай кулбында бірге билеп жүрген жас жігіттер қазақстандықтардың таңданысын тудырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ляньюньган қаласының Phebe клубына барған қазақстандықтар  "гей клубқа" түскендей әсер алып қайтты. Шамамен 14 жастағы қытайлық жеткіншектердің арасына тап болған жерлестеріміз олардың қол ұстасып, билеп жүргеніне таң болған.

Тағы оқыңыздар: Астанада өзіне қол салмақ болған қыз өгей әкесінен зорлық көргенін айтып берді

"Бастапқыда біз оларды демалып жүрген жігіттер деп ойладық. Алайда олар клуб қызметкерлері екен. Жігіттердің билеп жүргеніне қарап, гей-клубқа кіріп кеттік деген ойда қалдық. Жігіт жігітпен қол ұстасып, билеп жүрсе, басқа қандай ой келеді?

Алайда клуб қызметкерлері жігіттердің гей еместігін алға тартты. Қытайда жігіттер бөлек, қыздар бөлек билейтін тәртіп қалыптасқан екен. Жігіттер футболкасын жартылай шешіп, билегенді ұнататынын да байқап қалдық", - дейді клубта болған Қазақстан азаматы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559422-qytay-klubynda-demalghan-qazaqtar-qul.html